Оңтүстік корея
Оңтүстік Корея мен Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен айырмашылық бар. Бұл елдегі мектептерде тәртіп қатал, тек білім мен тәрбиеге көңіл бөледі. Әсіресе, оқушылардың сырт келбеті, өзін-өзі ұстауы және мектеп формасы қатаң бақылауда болады.
Сонымен, Оңтүстік Корея мектептері туралы 10 фактіге назар салыңыз.
1. Оңтүстік Корея мектептерінде балалар өте көп оқиды. Әсіресе жоғарғы сынып оқушыларының саны айтарлықтай жоғары. Сабақтан кейін оқушылар біздегі репетитор орталықтары секілді хагвонға барады. Ол жерде сабақтарын орындап, мұғалімдермен қосымша дайындық жүргізеді, бірақ мұнда мектептегідей ауыртпашылық болмайды, баға қойылмайды. Хагвоннан оқушылар сағат 23:00-де босайды. Мұның барлығы болашақта жақсы жоғары оқу орнына түсу үшін жасалатын шаралар. Өйткені Оңтүстік Кореяда жоғарғы оқу орнына түсу бәсекелестігі өте жоғары. 3-5 жыл қатарынан тапсырып түсе алмау бұл жақта қалыпты құбылыс. Соған орай, мектептен кейінгі университеттік өмір жеңілірек болады. Талап азаяды, бос уақыт көбейеді. Шетелдіктер үшін Оңтүстік Кореяда оқу оңай емес. Өйткені көбі мұндай талап пен бәсекелестікке үйренбеген.
2. Барлық мектептерде қалыптасқан мектеп формасы бар. Көбінесе оның түсі қою сұр және қою көк болады. Көшеде мектеп формасы мен спорттық аяқ киім киген оқушыларды жиі кездестіруге болады. Бірақ бұл мектеп әкімшілігі аяқ киім тәртібіне бей-жай қарайды деген сөз емес. Себебі, оқушылар мектепке кірерде екінші аяқ киім ауыстыруға міндетті. Сондықтан көшедегі ыңғайлылық үшін олар спорттық аяқ киімге бейім келеді.
3. Мектеп формасынан бөлек оларда шаш қою тәртібі де бар. Қыздардың шашы иығынан аспауы керек. Сондықтан қыздардың көбі шаштарын каре етіп қияды. Бұл ереже ұлдарға да қатысты. Яғни олардың шаш ұзындығы 3 см-ден аспауы керек.
4. Бұрын мектептерде тән жазасына рұқсат болған. Бірақ кейінірек бұл оқушының жеке құқығына қол сұғатын болғандықтан барлық физикалық жазалауларға тыйым салынды.
5. Жақында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатымен мектеп мұғалімдері мен университет профессорларына сыйлық беруге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Сыйлықтың сомасы 2-3$ – дан аспауы керек. Ал Оңтүстік Кореяда бұл ақшаға тек кофе сатып алуға болады.
6. Мектепті тәмамдағаннан кейін Қазақстандағы ҰБТ секілді емтихан тапсырылады. Барлық корей оқушылары мен ата-аналар тек осы сынақ үшін өмір сүреді. Емтихан науқанында барлық храмдар мен церковьтар баласына ақ жол тілейтін ата-аналарға толады. Емтиханда аудиожазба тыңдау арқылы орындалатын тапсырма бар. Сол уақытта Корея аэропорттарынан ешқандай ұшақ ұшып-қонбайды. Өйткені ұшақ дауысы оқушыларға кедергі келтіреді екен.
7. Мектеп оқушылары үшін Кореяның үздік жоғарғы оқу орындарына экскурсиялар өткізеледі. Бұған тек жоғары сынып оқушылары ғана емес, төменгі сыныптағы оқушылар қатысады. Соған қарағанда балалар кішкене кезінен қай университетке түсетінін анықтайды.
8. Мектептер АҚШ-тағыдай төменгі, орта және жоғары болып бөлінеді.
9. Жоғарғы мектептер жалпы білім беретін, гимназиялар, кәсіптік, мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді. Техникалық саладағы ең жақсы мектептердің қатарына ғылыми жоғарғы мектептер жатады. Мұнда түсу де, оқу да өте қиын. Дегенмен ғылыми жоғарғы мектеп түлектеріне үздік университетке түсу кепілдігі жоғары.
10. Жоғарғы сынып оқушыларына қорытынды емтиханға дайындайтын арнайы мектеп-интернаттар бар. Бұл жердің тәртібі айтарлықтай қатал: оқушылар тек сабақ оқиды, тамақтанады және ұйықтайды. Оның үстіне ұйқыға көп уақыт берілмейді.
Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі жаттанды білімге негізделген. Олар емтиханға дайындалу үшін кітапханада бірнеше күн бойы қонып, кітапты басынан аяғына дейін жаттап алады. Сондықтан шетелдік студенттермен салыстырғанда олардың бағалары орта есеппен жоғары болып келеді. Дегенмен, барлық жобалық бағдарламаларда шетелдіктер корейлермен салыстырғанда өздерін креативті жағынан жақсы көрсете алады. Бұл корейлер үшін жаттанды білімнің кесірі болуы мүмкін.
Қорыта айтсақ, Корея мектептері оқушыларға үлкен шыдамдылық пен ерік-жігер беріп, қысқа мерзімде үлкен ақпарат көлемін жаттап үйретеді. Бұл елдегі университет профессорлары шетелдік студенттер корейліктермен салыстырғанда түрлі тест қорытындылары (көбіне жаттанды білімге негізделген тесттер) бойынша артта қалса да, дәріс барысында өздерін белсенді әрі креативті ұстайтынын мойындайды.
Катя Абилева
Орыс тілінен аударған Айман Сырлыбай
Содержание
- 0.1 Бөлінерге дейінгі тарих
- 0.2 Бөлінгеннен кейінгі тарих
- 0.3 Географиясы
- 0.4 Жер бедері және пайдалы қазбалары
- 0.5 Конституция
- 0.6 Еуропа Одағы
- 0.7 Солтүстік Корея
- 0.8 Транспорт, энергетика және инфрақұрылым
- 0.9 Кибернетикалық қауіпсіздік
- 0.10 Әуеғарыштық зерттеулер
- 0.11 Робототехника
- 0.12 Биотехнология
- 1 Смотрите видео: ОҢТҮСТІК КОРЕЯ — ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН ФАКТІЛЕР
10 357 записей
Ұлдардың шаш бояуына қалай қарайсыз?
Үлкен Сеул саябағы немесе Сеул Грэнд-саябағы (ағылшынша Seoul Grand Park, Сеул Гранд Парк) — Сеулден оңтүстікте Квачхон қаласындағы саябақ кешені. Саябақта көптеген объектілер бар. Солардың ішінде:
1.Хайуанаттар бағы
2.Балалар хайуанаттар бағы
3.Розарий ойын-сауық саябағы
4.Сеул қазіргі заман өнер мұражайы бар.
Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, Показать полностью… көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады.
Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады.
Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады.
Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс –жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады.
Дәстүрлі қолөнері – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады.
Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және ортаазиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Показать полностью… Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды.
Информация
Описание: СІЗДЕР БІЗДЕН:
— #sk_fact Қызықты ақпараттар!
— #sk_school Оңтүстік Кореядағы оқу орындары!
— #sk_dramakorea Корея дорамалары! Показать полностью…
— #sk_photo Әдемі фотосуреттер!
— #sk_fashion Сән үлгісі!
— #sk_food Корея тағамдары!
— #sk_photoquote Дорама туралы фотоцитаталар!
— #sk_kzkr Қазақша — Кәрісше сөздік!
— #sk_ulzzang ольджан модельдер!
— #sk_consultation Кеңестер жинағы!
— #sk_scream Қорқынышты əңгімелер мен фильмдер!
— Біз қазақша материалдарды көшіріп салмаймыз. Барлық материалдар бұрын қазақша сайттарда кездеспеген, осында алғаш жазылған материалдар. Материалдар ағылшын, корей тілдерінен аударылады және Кореяда тұратын тұрғындармен сұхбаттасу арқылы жазылады.
6 773 записи
Өлім əкелетін желдеткіш.
Оңтүстік Корея аңыздарында, қосылып тұрған желдеткіштің астында ұйықтауға болмайды делінген. Себебі, бұл өлімге əкеліп соғуы мүмкін. Корея тұрғындарының айтуынша, желдеткіштен құйын пайда болуы мүмкін, бұдан адам не дем алалмай, не қатты суықтан ажал құшатын көрінеді.
p.s: Ал, сіз желдіткіштің қосылған күйінде ұйықтаған сəттеріңіз болады ма?
Ауызы тілінген əйел.
Аңызға сəйкес, кешкі уақытта жалғыз серуендеп жүрген жеткіншектер, осы əйелді жолықтырады. Əйел баланы тоқтатып, одан: "Мен əдемімін бе?" деп сұрайды. Егер, бала "жоқ" деп жауап берсе, əйел оны пышақтап өлтіреді. Показать полностью… Ал егер, бала "иə" деп жауап берсе, əйел бетіндегі бетпердені шешеді. Содан соң, əйел қайтадан: "Мен əдемімін бе?" деп сұрақ қояды. Бала бұл жолы да "жоқ" деп жауап берсе, əйел баланы қақ екіге бөліп, өлтіреді. Ал бала қайтадан "иə" деп жауап берсе, əйел баланың ауызын дəл өзінікіндей етіп тіледі.
p.s: Ал егер, сіз оны кездестіріп қалсаңыз, қандай əрекет жасар едіңіз?
Оңтүстік Корея туралы 5 факт:
1. Оңтүстік Кореяда 3 күндік қана демалыс бар. Показать полностью…
2. Оңтүстік Кореяда ұялы телефондар тіпті, көшедегі қаңғыбастарда да бар.
3. LG жəне SAMSUNG ұялы телефондары алғаш Оңтүстік Кореяда пайда болған.
4. Оңтүстік Кореядағы кешкі уақытта шоппингтің нағыз қызған шағы басталады.
5. Оңтүстік Кореяда сексаулдық жəбірлік пен өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көп кездеседі.
Бөлінерге дейінгі тарих
Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған. [6] [7] [8] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты
Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті
Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады
Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді
Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті
Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады
Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда
Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті
Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді
«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды
Жетпіс мың адамның жалақысы өседі
Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді
Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы
Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды
Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй
Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады
Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты
«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті
Ертедегі үш патшалық және Кая
Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды.
Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған.
Силла патшалығы (б. з. д. 57 – 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды.
Кая конфедерациясы Нактонган өзенінің сағасында мекендеген бірнеше солтүстік тайпалардың бірлестігі ретінде қалыптасты.
Stokgolm sındromy
Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.
Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан
Біріккен Силла мен Пархэ
VI ғасырдың ортасында Силла мемлекеті Кая конфедерациясының құрамына кірген барлық қалаларды өзіне қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан әулетімен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды.
676 жылы Силла Тан әулетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.
935 жылы ішкі талас-тартыстың нәтижесінде Силла мемлекеті ыдырап, Корей түбегінде жаңа Корё мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Уаң әулетінің негізін салушы Уаң Гон (Тхэджон). Уаң әулетінің тұсында Корей түбегі алғаш рет бір мемлекеттің құрамына бірікті.
Чосон (кор. 조선 ) — 1392 жылдан 1897 жыл аралығында Корей түбегінде өмір сүрген мемлекет. Бұл кезеңде елді Ли әулеті басқарған. Мемлекеттің ресми атауы — Ұлы Чосон Мемлекеті (кор. 대조선국 Тэджосон-гук), 1897 және 1910 жылдар аралығындағы атауы — Корей империясы (кор. 대한제국 Тэхан чегук).
«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»
«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»
Жапон басқыншылығы
XIX ғасырда Корея Батыстың дипломатиялық қатынас орнату талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде Азия мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталастық үстінде еді.
1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңіске жеткен Жапония Кореяны жаулап алып, отаршылдық билік орнатты. Отаршыл үкімет Корея территориясында генерал-губернаторлық құрды.
1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт шеру орын алды. Көтерісшілер үкіметтен елдің тәуелсіздігін талап етті, тарихта бұл оқиға «бірінші наурыз қозғалысы» немесе Самиль қозғалысы (кор. 삼일운동 ) деген атаумен қалды. Жапон үкіметі аталған шеруді күшпен басты. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылдың 13 сәуірінде Шанхайда корей ұлтшылдары Корея Республикасының Уақытша Үкіметін (кор. 대한민국 임시정부 Тэхан мингук имси чоңбу) құрады. Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды.
Бөлінгеннен кейінгі тарих
Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған
Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 — 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.
Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» (кор. 한강의 기적 ) деген атауға ие.
Географиясы
Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас.
Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр.
Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр.
Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо аралы.
Жер бедері және пайдалы қазбалары
Корей түбегіндегі ең биік нүкте – Пэктусан тау жотасы болып саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытай мен Солтүстік Кореяның шекарасында орналасқан. Ал Корея Республикасының территориясындағы ең биік нүкте – Чеджудо аралында орналасқан Халласан (1950 м) сөңген жанартауы болып табылады. Елдің орталығы мен шығысын Шығыс Корей таулары (кор. 태백산맥 ) алып жатыр.
Оңтүстік Кореяда бірнеше көлдер мен ірілі ұсақты өзендер бар, солардың ішіндегі ең ірі өзен – Нактонган өзені (ұзындығы 506 км, бассейні 23 384 км²) болып табылады. Ол Тэгу, Пусан секілді ірі қалалар арқылы ағып өтеді. Сондай-ақ Хангаң (481,7 км) өзені елдің астанасы — Сеул қаласын кесіп өтеді.
Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6 °C (43 F) тан 16 °C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан — муссонды, жазы – ыстық, әрі ылғалды, қысы – біршама суық және құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері Сеулде 1370 миллиметрден Пусанда 1460 миллиметрге дейін құбылады.
Конституция
Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.
Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген:
- I тарау: Жалпы бөлім,
- II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері,
- III тарау: Ұлттық жиналыс,
- IV тарау: Атқарушы билік,
- V тарау: Соттар,
- VI тарау: Конституциялық сот,
- VII тарау: Сайлау жүйесі,
- VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару,
- XIXтарау: Экономика,
- X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер,
- Қосымшалар.
Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының 12-президенті болып сайланды.
Корея Республикасының Парламенті 300 орыннан тұратын, бір палаталы Ұлттық жиын (кор. 대한민국 국회 , Ұлттық жиналыс), заң шығарушы орган.
245 депутат мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтарда, ал 54 – ұлттық партия тізімі бойынша сайланады. Депутаттардың өкілеттілігі – 4 жыл.
Парламентке депутаттарды сайлау 1948 жылдан бастап жүргізілуде. 1972 жылдан 1988 жылдар аралығында елде диктаторлық жүйе болғандықтан, жалған сайлаулар жүргізілді. 1998 жылдан бастап Оңтүстік Корея демократиялық ел болып есептеліп, сайлау бес жылда бір рет жүргізілетін болды.
Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).
Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы – корейлер. XIX ғасырдың аяғыннан бастап бұл жерде он мынан астам қытайлар да қоныстанған. 2006 жылғы сарап бойынша Кореядағы қытайлар саны 20 700 адамды құрады. Олардың басым бөлігі Тайвань азаматтары [9] . Соңғы жылдары Кореяда шет ел азаматтарының саны артуда. 2012 жылғы мəліметтерге [10] сəйкес Кореяда 1,4 млн шет ел азаматтары тұрып жатыр. Олардың 293 мыңы елде қысқа мерзімді виза арқылы, 944 мыңы ұзақ мезімді виза арқылы, ал 188 мыңы тұрғылықты мекен-жайымен тұрып жатыр. Шетелдіктердің жартысынан көбі – Қытай Халық Республикасының азаматтары, оның ішінде үштен бірі – этникалық кəрістер.
Оңтүстік Кореядағы саны 5000 асқан иммигранттар тобының тізімі
Корея Республикасындағы дін (2005 жыл) [11] Дінсіздер (46.5%) Буддизм (22.8%) Протестантизм (18.3%) Католицизм (10.9%) Басқа діндер (1.7%)
Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні. Алайда 500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді.
Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.
Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер. Ислам дінінің Корея елінде пайда болуы – 1950 – 1953 жылдары орын алған Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан келген түрік әскерлерінің арасында болған Әбдіррахман, Әбділғафур Қараысмайылоғлы, Зүбайра Кош есімді имамдардың келуімен байланыстырылады. Сол кездері түрік әскерлеріне арнайы тұрғызылған уақытша шатырлы мешіттер корейлерге ислам діні жайлы ақпарат тарататын орынға айналды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Кореяда шағын болса да белсенді умма қалыптасып, 1955 жылы ислам дінін халық арасына таратумен айналысатын Корей ислам қоғамы құрылды. Корей ислам қоғамының ұйымдастыруымен алғашқы Корейлік имам тағайындалды. Ал 1967 жылы елдегі 60-қа жуық мешітті басқаратын Корей мұсылман федерациясы құрылды. 1976 жылы Сеул қаласында ағылшын, корей және араб тілдерінде білім беретін медресесі бар Сеул Орталық мешіті ашылды.
Елдегі білім және ғылыммен 2008 жылы білім министрлігі мен ғылым және техника министрліктерінің бірігуінен пайда болған Корея Республикасының білім, ғылым және техника министрлігі айналысады. Оңтүстік Кореяда білім беруде математика, корей тілі және ағылшын тілі пәндеріне, сондай-ақ нақты ғылымдарға аса жіті назар аударылады.
Елдегі жетекші жоғарғы оқу орындары:
Білім беру жүйесінің жалпы құрылымы мынадай:
Корей Республикасының мемлекеттік тілі — корей тілі. Корей тілі, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның солтүстігіндегі шекаралас көршісі – Солтүстік Кореяның да мемлекеттік тілі болып табылады. Сонымен қатар Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және басқа да Орта Азия елдерінде де корейлер тұратындықтан корей тілінің сөйлеушілері бар. Жалпы корей тілінде 78 млн адам сөйлейді. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл тілді оқшауланған тілдерге жатқызады [12] , алайда кейбір ғалымдардың пайымдауы бойынша ол алтай тілдерінің жанұясына кіреді [13] . Корей тілі — қазақ тілі сияқты SOV тәртібіндегі Жалғамалы тілдердің бірі болып табылады. [14] .
Елдің әртүрлі өңірлерінде сөйлеу ерекшеліктеріне қарай бірнеше кішігірім диалекттер қалыптасқан. Дегенмен тіл нормаларының стандарты ретінде Сеул өңіріндегі диалект қабылданған. Кеңес Одағының құрамына енген Орта Азиялық мемлекеттерде тұратын корейлерді корё-сарам деп, ал олар сөйлейтін диалектіні корё-мар деп атайды.
Оңтүстік Корея 188-ден астам елмен дипломатиялық қатынас орнатқан. Ол 1991 жылы Солтүстік Кореямен бір мезетте Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі – Пан Ги Мун БҰҰ Бас хатшысы болып қызмет атқарды.
2010 жылы Оңтүстік Корея Еуропа одағымен еркін сауда жүргізу жөнінде келісімге қол қойды [15] . Оңтүстік Корея дәл осындай келісімді Канада [16] және Жаңа Зеландия елдерімен орнатқан [17] . 2010 жылдың қараша айында Оңтүстік Корея Сеул қаласында G-20 саммитін қабылдады. 2018 жылы Оңтүстік Кореялық Пхёнчхан қаласында XXIII Қысқы Олимпиада ойындары өтеді.
Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 28 қаңтарында орнаған. Сол жылы Оңтүстік Корея Алматы қаласында өзінің елшілігін ашты, ал 1996 жылы Қазақстан өз елшілігін Сеул қаласында ашты. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 және 2003 жылы екі мәрте ресми іс-сапармен Корея елінде болып қайтты. Оңтүстік Корея президенті Но Му Хён 2004 жылы және 2009 жылы Ли Мён Бак ресми іс-сапармен Қазақстанда болды [18] . 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларын құрады, ал 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге жуық бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді.
Корея Республикасының экс-президенті Пак Кын Хе 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы визасыз режим орнату жөнінде және басқа да бірнеше келісімге қол қойылды. [19] .
Қазақстанда 2011 жыл – Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.
Америка Құрама Штаттары мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1950 жылы орнатылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корея АҚШ құзыретіне, ал солтүстіктегі КХДР Кеңес Одағының құзыретіне өтті. Корей соғысынан кейін Оңтүстік Корея мен АҚШ екі елдің қайсысына болмасын Тынық мұхиты тарапынан жүргізілген кез-келген шабуылға бірлесіп жауап қайтару жөніндегі «Өзара қорғаныс шартына» қол қойды. [20] Сондықтан Оңтүстік Кореяшарт бойынша 1967 жылғы Вьетнамдағы соғысқа өзінің әскерін көмек ретінде жіберуге міндетті болды.
2007 жылы Оңтүстік Корея мен АҚШ екі ел арасындағы еркін сауда жөнінде келісімге қол қойды, алайда екі елдің заңды органдардың келісімді бекітпейінше оны ресми іске асыру тоқтатыла тұрды. 2011 жылдың 12 қазанында АҚШ Конгрессі тығырыққа тірелген еркін сауда келісімін бекітуге қол қойды. [21] Келісім 2012 жылдың 15 наурызында өз күшіне енген болатын [22] .
2010 жылы Қытай Халық Республикасы Оңтүстік Кореялық экпорт (КР экспортының 23,2%) және импорт (Кореяға импорт 16,8%) бойынша бірінші орынға орнықты. Екі ел арасындағы тауарайналымы 1994 – 2010 жылдар аралығында 11,7 млрд доллардан 100 млрд долларға өсті. [23] . Негізі Корея мен Қытай арасында тарихи тығыз байланыс орнатылған. Оңтүстік Корея мемлекеттігін алмай тұрып, яғни Жапон басқыншылығы кезінде корей ұлтшылдары қытай әскерлерімен әріптестік қатынаста болды. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарымен жақындасып, ал ҚХР Корей соғысында Солтүстік Кореяға көмектесті. Соның нәтижесінде Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынас жойылды. Ресми түрде екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс тек 1992 жылдың 24 тамызында қайта орнады. Қос мемлекет арадағы 40 жыл бойы жалғасқан тауарлық тыйым салуды (эмбарго) жойды [23] . Корея Республикасы Қытаймен байланыс орнатқаннан кейін Тайвань мемлекетімен арадағы ресми қатынастарды тоқтатты [24] .
Еуропа Одағы
Еуропа Одағы мен Оңтүстік Корея маңызды сауда әріптестері болып табылады. Еркін сауда жөнінде келісім 2010 жылдың қыркүйек айында бекітіліп, 2011 жылдың 1 қыркүйегінде өз күшіне енген болатын. [25] Еуроодақ үшін Оңтүстік Корея — ірілік бойынша сегізінші сауда әріптесі, ал Оңтүстік Корея үшін Еуроодақ — екінші орындағы ірі экспортер. 2008 жылы ЕО пен Оңтүстік Корея арасындағы тауарайналым мөлшері €65 миллиардтан асып түсті. [26]
Еуропа Одағы Оңтүстік Корея үшін ең ірі шетелдік инвесторға айналды. 1962 жылдан бастап есептегенде 2006 жылы тікелей шетелдік инвестиция мөлшері 45% құрады. [26]
Корея Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қатынастар 1965 жылдың желтоқсан айында «Жапония мен Корея арасындағы байланыс жөіндегі негізі келесім» (жапон. 日韓基本条約 , кор. 한일기본조약 ) негізінде орнаған. Дегенмен жапон басқыншылығы кезеңінде орын алған жағдайлардың салдарынан туындаған даулар Оңтүстік Кореяның антижапондық көзқарас ұстануына себеп болып отыр. Сол даулардың бірі – қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның меншігі болып табылатын Лианкур аралдарына Жапонияның наразылық білдіруі.
2014 жылы World Service BBC екі елдің бір-біріне көзқарасы жайлы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде жапондардың 13% Оңтүстік Кореяға оң пікірде, ал 37% теріс пікір ұстанады. Корейлердің 15% Жапонияға оң көзқарас білдіреді, ал 79% теріс пікір ұстанады. Бұл Оңтүстік Кореяның Жапонияға деген теріс көзқарасының айғағы болып саналады [27] .
Солтүстік Корея
Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы саяси, дипломатиялық және әскери байланыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, яғни Корея мемлекетінің екіге бөлінгенінен кейін орнады.
1950 жылдың 25 маусымында КХДР мәңгі президенті Ким Ир Сен екі елді бір орталыққа бағындыру мақсатында Оңтүстік Кореяға соғыс ашады. Соғыс үш жылға созылып, Корей соғысы (кор. 한국 전쟁 ) деген тарихқа енді. Соғысқа Оңтүстік Корея атынан БҰҰ енген бірнеше мемлекеттер қатысты, ал Солтүстік Кореяның жақтастары – КСРО және Қытай болды.
2014 жылы World Service BBC Оңтүстік Корея халқының Солтүстік Корея еліне көзқарасы жайлы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде Оңтүстік Кореялықтардың 3% Солтүстік Корея жайлы оң пікірде болса, ал 91 % теріс пікір ұстанады екен.
Көршілес агрессорлардың шабуылдары мен Солтүстік Кореямен арадағы шиеленіскен жағдайлар – Оңтүстік Кореяның мемлекеттік бюджеттің 15% әскерге жұмсауына және елдегі ер азаматтарының міндетті әскери борыш өтеуіне себепкер болып отыр [28] . Оңтүстік Корея белсенді әскерлер саны бойынша әлемде жетінші орынды (2012 жылы 655 мың), [29] , резервтік әскерлер саны бойынша екінші орынды (2012 жылы 4,5 млн) және қорғаныстық бюджет көлемі бойынша он бірінші орынды иеленіп отыр. Мемлекет жан басына шаққандағы әскери қызметкерлер саны бойынша КХДР-дан кейінгі екінші орында [30] .
Оңтүстік Корея қарулы күштері құрлық әскерлерінен, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері және теңіз жаяу әскері корпусы сияқты әскер түрлерінен құралған. Әскердің басым бөлігі демилитарландырылған аймақта шоғырланған. Әрбір Оңтүстік Кореялық ер азамат конституция бойынша әскери борышын өтеуге міндетті. 2011 жылға дейін корейлер әскери міндеттен босатылған болатын. Қазіргі таңда армияда қызмет ету мерзімі – 21 ай [31] .
Сондай-ақ жыл сайын 1800 корейлік ер азаматтар америкалық армия құрамындағы корей жасағында (KATUSA) қызмет етеді [32]
Оңтүстік Кореяның аралас экономикасы [33] [34] [35] әлемде жалпы ішкі өнімнің номиналдық құны бойынша 11-ші орында, ал аларман қабілет тепетендігі бойынша 13-ші орынды алып отыр. Оңтүстік Кореядағы жан басына шаққандағы АҚТ бойынша жалпы ішкі өнім 100 АҚШ долларынан (1963 жылы) 35 000 АҚШ долларына дейін жетті (2014 жылы). Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Кореяны G20 ұйымындағы ірі экономикалы елдер қатарына қосады.
Оңтүстік Корея жан басына шаққанда жоғары табысты экономикасы бар дамыған ел және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің арасындағы ең индустриалды дамыған ел.
Артықшылықтары
- әлемдегі ең ірі кеме өндіруші ел (нарықтағы үлесі – 45%)
- Қытай Халық Республикасында корей тауарларына деген, әсіресе автокөліктерге сұраныс өте жоғары.
Әлсіз жақтары
- сыртқы қарыздар және халықаралық капитал қозғалысына сезімталдылық
- мемлекеттік сектор экономиканы ауырлатуда.
1940 жылдары мемлекет экономикасы ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған болса, соңғы бірнеше оңжылдықта мемлекет жеңіл өнеркәсіп пен халық тұтынатын тауарлар өндірісіне көшті. Ал XX ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдардан бастап ауыр өнеркәсіпті дамытуды. Ел президенті Пак Чоң Хи 1962 жылы бірінші бесжылдықтың басталатындығын жариялағаннан бастап 30 жыл ішінде ел экономикасы қарқынды өсіп, экономика құрылымы үлкен өзгеріске ұшырады. 1960 — 1990 жылдардағы жоғары көрсеткіштер Корея Республикасын Сингапур, Гонконг және Тайвань сияқты «Азия жолбарыстарының» қатарына қосты.
Транспорт, энергетика және инфрақұрылым
Оңтүстік Кореядағы транспорт авто және темір жолдар, әуе және теңіз магистральдары сияқты елдің транспорттық коммуникация жүйесін құрайды. Жоғары жылдамдықта жүретін KTX пойыздары Кёнбусон сияқты бағыттармен байланысты қамтамасыз етеді. Сеул, Пусан, Инчхон, Тэгу, Тэджон және Кваңджу сияқты ірі қалалардың метрополитендері бар. [36] Қалалардың көбісінде экспресс-автобус терминалдары орналасқан. [37]
Оңтүстік Кореяның ең ірі әуежайы болып саналатын халықаралық Инчхон әуежайы 2001 жылы салынған. 2010 жылғы деректер бойынша әуежай жылына 30 млн жолаушыға қыз көрсеткен [38] . Елдің тағы бір ірі халықаралық әуежайлары — Кимхэ және Чеджу. Сондай-ақ жеті ішкі әуежайлар мен көптеген тікұшақ станциялары бар. [39] .
1962 жылы құрылған Korean Air әуекомпаниясы 2008 жылы 21,64 млн жолаушыға, оның ішінде 12,49 млн шетелдіктерге қызмет көрсетті [40] . Оңтүстік Кореялық әуекомпаниялары 297 халықаралық маршрутқа қызмет көрсетеді. [41]
2010 жылғы деректерге сәйкес Оңтүстік Корея АЭС саны бойынша әлемде бесінші орында, ал Азияда бірінші орында [42] . АЭС елдегі электр қуатының 45 % жеткізеді, бұл әр түрлі заманауи реакторлардыі дамуына себепші.
Оңтүстік Корея ядролық реакторлар экспорттаушысы болып табылады және БАӘ [43] , Иордания [44] [45] , Аргентина [46] [47] елдерімен жеткізу жөнінде келісім-шарт орнатқан. 2010 жылғы жағдайлар бойынша Оңтүстік Корея мен Түркия елдері екі реактор құрылысы жөнінде келіссөздер жүргізуде [48] .
Оңтүстік Кореяның әлемдік ядролық нарықтағы бәсекелестері болып саналатын Жапония, Германия, Франция сияқты ірі ядролық державалармен салыстырғанда АҚШ тарапынан саяси қысымның [49] салдарынан Оңтүстік Кореяға уран байытуға немесе уран байыту бойынша дәстүрлі технологияларды дамытуға рұқсат етілмейді.
Мәліметтерге сәйкес 2012 жылы 11,1 млн шелелдік туристер Оңтүстік Корея еліне саяхаттап келген, [50] ал 2010 жылы 8,5 млн туристер елде болып қайтқан [51] . Корей толқынының өзі (Халлю, кор. 한류 ) 2013 жылы Корея Республикасына 12 млн туристің келуіне себепші болы, оның ішінде жалғыз Қытайдың өзінен 6 млн турист келген [52] [53] . Елдегі туризм қарқынды дамығандықтан Оңтүстік Корея үкіметті 2017 жылға дейін елге келуші туристер санын 20 миллионға жеткізуді көздеп отыр [54] . Хюндай ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша Корей толқыны мәдениет индустриясын дамытып қана қоймай, сонымен қатар туризмнің дамуына да үлес қосып жатыр. Сондықтан Корей толқынына қызығып, елге келіп жатқан туристер саны жылдан жылға артуда [55]
Оңтүстік Кореядағы туризмнің тағы бір дамыған саласы – медициналық туризм болып табылады. Елге медициналық тексерістен өту үшін көбіне Азия елдерінен келеді, алайда қазіргі кезде басқа да құрлықтардан келушілер саны артуда. Келушілердің басым бөлігі пластикалық хирургияға жүгінеді.
Бастапқыда Оңтүстік Корея Үкіметі Кореяның бөлінуі тәуелсіздік ала салысымен басталған Корей соғысы сияқты маңызды мәселелерді шешумен айналысқандықтан елде ғылыми-технологиялық даму байқалмады. 1960 жылдары жүргізген Пак Чоң Хидің диктаторлық жүйесінің аясында елде индустияландыру саясаты жүргізіліп, Samsung және LG сияқты чеболь корпорацияларының дамуы – Оңтүстік Корея экономикасының қарқынды өсуіне алып келді. Міне осы кезденден бастап Үкімет тарапынан ғылым мен технологияның дамуына көңіл бөліне бастады [56] .
Кибернетикалық қауіпсіздік
2013 жылдың бірінші жартысында орын алған үкіметке, БАҚ өкілдеріне, телевизия және банк сайттарына бағытталған бір қатар кибершабуылдардың нәтижесінде үкімет 2017 жылға дейін киберқауіпсіздік саласындағы 5000 сарапшыны оқытуға мәжбүр болды. Оңтүстік Корея үкіметі осы және 2009, 2011 және 2012 жылдары орын алған шабуылдарда Солтүстік Кореяны кінәлап отыр, алайда Пхеньян тағылған айыпты мойындамай отыр [57] .
2013 жылдың қыркүйек айының соңында Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық барлау қызметі компьютерлік қауіпсіздік саласында өтетін жарыс жөнінде жариялады. Жарыс жеңімпаздары 2013 жылдың 29 қыркүйегінде белгілі болып, 80 млн вон ($74 000) иеленді. [57] .
Әуеғарыштық зерттеулер
Оңтүстік Корея 1992 жылдан бастап онға жуық серікті ғарышқа аттандырды. Барлық серіктер шетелдік зымыран-тасығыш көмегімен және шетелдік ғарыш айлақтарынан жіберілген. Ресеймен серіктестік аясында 1999 жылы Arirang-1 және 2006 жылы Arirang-2 серіктері ғарышқа ұшырылды [58] . 2008 жылы тоғыз жыл бойы жұмыс істеген Arirang-1 серігінің жоғалып кеткені мәлім болды [59] .
2008 жылдың ақпанында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейлік Союз ТМА-12 ғарыштық кемесінде алғаш рет корей азаматы Ли Со Ён ғарышқа аттанды [60]
2009 жылдың маусымында Чолла-Намдо провинциясының Кохын уездінде Оңтүстік Кореядағы тұңғыш ғарыш айлағы салынып бітті. [61] 2009 жылдың тамыз айында алғашқы Наро-1 зымыран-тасығышын ұшыру сәтсіз аяқталды. [62] 2010 жылғы екінші талпыныс та сәтсіз аяқталды.. [63] 2013 жылдың қаңтарында Наро-1 үшінші рет ұшырылып, сәтті ғарышқа аттанды [64] . Оңтүстік Корея үкіметі 2018 жылға дейін Наро-2 зымыранын құрастыруды көздеп отыр [65] .
АҚШ тарапынан көрсетілетін саяси қысымның салдарынан Оңтүстік Корея ірі зымырандық және зымыран-ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыра алмайд отыр [66] . Сол себепті Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.
Робототехника
2003 жылдан бастап Оңтүстік Корея робототехника саласын дамытуды ұлттық жоспардың қатарына енгізген. [67] 2009 жылы Оңтүстік Корея Үкіметі Инчхон және Масан еркін экономикалық аймақтарына арнайы роботтарды өңдіру жөнінде жоспарын жариялады [68] .
2005 жылы Корея озық ғылым және технология институты адам тәрізді HUBO роботын құрастырды. 2006 жылдың мамыр айында Korea Institute of Industrial Technology тобы алғашқы корейлік EveR-1 андроид роботын құрыстырып шығарды. [69]
Елде мұғалімдердің тапшылығына байланысты 2010 жылдың ақпан айында ағылшын тілінен ұстаздық ететін роботтарды құрастыру жоспары қолға алынып, 2013 жылы мектеп алды білім беру мекемелерінде алғашқы өнімдер білім бере бастады. [70] Робототехника сондай-ақ ойын-сауық аясында да қолданысқа ие болды. 2004 жылы ғылым мен робототехника технологияларын дамыту мақсатында елде роботтар ойыны фестивалі ұйымдастырылып, жыл сайын өткізілуде. [71]
Биотехнология
1980 жылдардан бастап Корея Үкіметі отандық биотехнолия саласының дамуына инвестиция салуда және саладағы табысты 2010 жылға дейін $6,5 млрд дейін өсіру жоспарланған. [72] Өндірістің басым бөлігі медицина саласына тиесілі, оның ішіне гепатитке қарсы вакцина мен антибиотиктерді өңдіру кіреді.
Сондай-ақ, генетика және клондау саласындағы зерттеулер мен әдістемелер нәтижесінде 2005 жылы алғаш рет ауғандық тазының құлағынан алынған бір жасушаны клондау арқылы Снуппи күшігін, ал 2007 жылы Сеул ұлттық университетінде жойылып бара жатқан екі ұрғашы қасқырды клондау арқылы бірнеше бөлтірік алынды. [73] [74]
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея мәдениеттері дәстүрлі Корея мәдениетінен бастау алады, алайда 1945 жылы бөліну нәтижесінде түбекте қос мемлекет құрылғаннан кейін екі елдің мәдениеті әр түрлі даму толқынына түсті. Корея мәдениетінің дамуына Қытай мемлекетінің зор ықпалы тиген [75] , дегенмен Корея мәдениеті бірегей құндылықтарымен ерекшеленеді.
Қарқынды индустрияландыру мен урбандалу үдерістерінің нәтижесінде Оңтүстік Корея халқының өмір сүру салты өзгеріске ұшырады. Бұл халықтың ірі қалаларға, әсіресе Сеул қаласына қоныстануына, ал ірі қалалардан тыс елді-мекендердің керісінше депопуляциялануына соқтырды. Euromonitor International компаниясының зерттеулерінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяда бір апта ішінде ішілетін алкоголь мөлшері – әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда жоғары екендігі анықталған. Есептеулер бойынша Оңтүстік Корея халқы аптасына орта есеппен 13,7 рөмке ішімдік ішеді екен. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореялықтардың Ресейліктерден екі есе көп, ал америкалықтардан төрт есе көп ішімдік ішетіндігін көрсетеді [76] .
Корея Республикасының мейрамдарының үш түрлі санатқа бөлінеді:
- Мемлекеттік мейрамдар (кор. 국경일 ? , 國慶日 ? )
- Мемлекеттік ту көтерілетін күндер (кор. 국기게양일 ? , 國旗揭揚日 ? )
- Мемлекеттік демалыс күні (кор. 공휴일 ? , 公休日 ? )
Бұл санаттар әр түрлі құқықтық дәрежеге ие. Сондай-ақ барлық мемлекеттік мейрамдар Мемлекеттік ту көтерілетін күн болып табылады.
Esi ketken eskini alady
Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Qala jáne qazaq
Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Mádenıetti adam. Ol kim?
Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń. Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady.
- http://jas.kz/bilim/06-09-2017/%D0%BE%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA-%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B5%D1%8F-%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-10-%D1%84%D0%B0%D0%BA
- http://vk.com/kutmeni_korea
- http://vk.com/on_korea
- http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%B5%D1%8F_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B
- http://egemen.kz/article/168106-onhtustik-koreya-men-soltustik-koreya-basshylary-shekarada-kezdesti